Алжир Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, БАӘ-нің әрекеті бірнеше рет жасалған ескертулерге қарамастан, билік енді қабылдай алмайтын деңгейге жеткен. Ведомство Алжирдің екіжақты қарым-қатынасты сақтап қалудың барлық мүмкіндігін пайдаланғанын мәлімдеді.
БАӘ елшісі Алжир Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, қабылданған шешім туралы хабардар етілді. Оған тиісті рәсімдерді орындау үшін 48 сағат уақыт берілді.
Кейінірек жұма күнінен бастап Алжир БАӘ-де тіркелген барлық азаматтық және әскери әуе кемелеріне әуе кеңістігін жабатыны белгілі болды. Алайда БАӘ-нің Алжирге және кері бағыттағы коммерциялық рейстеріне қолданыстағы келісімнің мерзімі аяқталатын 2026 жылдың соңына дейін тыйым салынбайды.
БАӘ Сыртқы істер министрлігі Алжирдің бұл шешімі уақытша болады деген үміт білдірді. Ведомство Алжир халқына құрметпен қарайтынын айтып, екі ел азаматтары арасындағы байланыстарды атап өтті.
БАӘ президентінің дипломатиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Анвар Гаргаш әлеуметтік желідегі парақшасында дипломатиялық қатынастар «парасаттылыққа, байланысқа және мүдделердің айқындығына» негізделуі керектігін мәлімдеді. Алайда ол Алжирді тікелей атамады.
Басылымның хабарлауынша, соңғы жылдары аймақтық бірқатар мәселеге қатысты келіспеушіліктерге байланысты Алжир мен БАӘ арасындағы қарым-қатынас шиеленісті болып келген.
Айта кетелік Мысыр Алжирден мұнай импорттайтыны туралы жазған едік.