— Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары «АЛЖИР мемориалдық-мұражай кешені» техникалық жағдайларға байланысты өз жұмысын ағымдағы жылғы 28 мамырдан бастап жалғастырады. (24-27 мамыр күндері мұражай кешені жөндеу жұмыстарына жабылады), — делінген Астана қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.
Айта кетелік белгілі ақын, айтыскер, әдебиеттанушы Дәулеткерей Кәпұлы Астана қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» директорының орынбасары, АЛЖИР мұражайының директоры болып тағайындалған еді.