Алжир ОПЕК-ті мұнай өндіруді қысқартуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжир мұнай өнеркәсібінің министрі Юсеф Юсфи ОПЕК қатысушы-елдерін мұнай өндіруді қысқартуға, сөйтіп, оның бағасын арттыруға шақырды, деп хабарлады Би-би-си.

Мұнай бағасының құлдырауынан Алжир экономикалық қиындықтарға тап болуда. Ел бюджетінің 60 пайызы мұнай сатудан түсетін кірістерден құралады.

«ОПЕК біздің пайымдауымызша, тепе-теңдіктің бұзылуын түзетуге араласуы және мұнай бағасын көтеріп, өз мүше-елдеріміздің кірістерін қорғау үшін мұнай өндіруді қысқарту қажет», делінген мемлекеттік БАҚ таратқан Юсеф Юсфидің хабарламасында.