Зілзала орталығы, сейсмологтардың пайымынша, Бологин орамынан солтүстік-шығыстағы 19 шақырым жердегі теңізде болған. Жер сілкінісі туралы хабар Алжир тұрғындарының басым бөлігін алаңдатты.
Зілзала әкелген шығынды анықтау үшін азаматтық қорғаныс күштерінің отрядтары қала аудандарын қосымша тексеруге кірісті.
Жер қозғалысына байланысты Алжир ІІМ дағдарыстық штаб құрды. Оны Тайеб Белаиз басқармақ.