Зардап шеккен екі адам елеулі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ресейде жасалған Ми-24 тікұшағы ұшып шыққаннан кейін шұғыл қайтадан қонбақшы болған. Алайда борттағы ақау салдарынан өрт шыққан. Бұл - әскери тікұшақ апатқа ұшыраған бір ай ішіндегі екінші оқиға. Ақпан айының басында Алжирдің шығысында әскерилерді және олардың отбасыларын тасымалдаған С-130 Hercules ұшағы құлаған болатын. Авиапат салдарынан 77 адам қазаға ұшырап, 1 бір адам елеулі жарақат алған еді.
09:17, 10 Наурыз 2014
Алжирде әскери тікұшақ апатқа ұшырады, 4 адам жараланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжирдің оңтүстігінде Зарзайтайн әуежайының маңында әскери тікұшақ апатқа ұшырады, 4 сарбаз жараланды, деп хабарлады РБК Reuters агенттігіне сілтеме жасап.