Ел билігі мешітті «экстремизмнің кез келген формаларына қарсы қалқан» деп атады.
Мұнараның салу идеясы Алжирдің сонау 1962 жылы тәуелсіздігін алу кезінде туындаған.
Мешітте 120 мың адам сыйына алады. Онда ислам мектебі, ислам өнері мен тарих мұражайы, сондай-ақ миллион кітап сақталатын кітап қоймасы орналасады. Құрылысқа 1,4 миллиард доллар жұмсалмақ.
Қазіргі кезде ең биік мешіт мұнарасы болып Марокканың Касабланка қаласындағы ІІ Хасан атындағы мешіт мұнарасы саналады. Оның биіктігі - 210 метр.
01:47, 07 Мамыр 2016
Алжирде ең биік мешіт мұнарасы салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылы Алжир астанасында мұнарасының биіктігі 265 метр болатын Джама әл-Джазаир мешіті салынады, деп хабарлайды Утро.ру.