Алжирде газ жарылып, 10 адам мерт болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алжирдің шығысындағы Бордж-Бу-Арреридж қаласында газ жарылып, кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметіне қарағанда, бейсенбі күні 4 қабатты ғимаратта болған. Жаралыс салдарынан 7 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы 3 адам ауруханада көз жұмған. 17 адам жарақат алды.

Билік өкілдері жарылыстың неден болғанын анықтау мақсатында тергеуді бастады.