Алжирде қатарынан екі жарылыстың салдарынан 36 адам қаза тапты

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Екі жанкешті 26 тамыз, жұма күні Алжир астанасынан батысқа қарай 100 шақырымдай қашықтықта жатқан Шершель қаласының әскери казармасына шабуыл жасады.

Жергілікті қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлағанындай, жарылыстың салдарынан 36 адам қаза тапқан. Оның 12-сі әскери қызметкер.

Жанкештілер қасиетті Рамазан айының жұма намазынан кейін казармаға кіре берісте өздерін өздері жарып жіберген, деп жазады Лента.ру.

Associated Press агенттігінің нақтылауынша, лаңкестік оқиғасы Шершельдегі әскери академияда орын алып, соңғы мәліметтер бойынша, жарылғыш зат қойылған машинаны жанкешті басқарып жарып жіберген көрінеді.