Алжирде лаңкестердің француз турисінің басын алған видеосы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжир жиһадшылары жексенбі күні тұтқынға алған франциялық турист Эрве Гурдельдің басын алған видеосын жариялады, деп жазады Би-би-си.

Бейнеролик «Франция билігіне қанды ескерту» деген атпен жарияланған.

Кейінірек Франция билігі бұл видеода расымен Эрве Гурдельдің өлтірілген сәті түсірілгенін мойындады.

Бейсенбі күні "Хунд аль-Хилафа" лаңкестік тобы Франция билігіне Иракта әуе шабуылын 24 сағат ішінде тоқтату туралы талап қойған.

Ал өткен аптада Франция АҚШ-пен Ирактағы «Ислам халифатымен» күрес жүргізу үшін одақтасқан болатын.