Алжирдегі Константина қаласының орталығында бомба жарылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжирдің солтүстік шығысында орналасқан Константина қаласының орталығында бомба жарылды.Бұл туралы осы елдің TSA Algerie жаңалықтар порталы хабарлады.

 Порталдың деректеріне қарағанда, жанкешті лаңкес полиция учаскесіне кірмекке әрекеттенген. Бірақ тәртіп сақшылары оған оқ жаудырып, бөгет болады. Дегенмен лаңкес  бомбаны іске қосып үлгерген.

Салдарынан үш полиция қызметкері жараланды.