Алжирдегі сайлауда қазіргі президент жеңіп шықты

МӘСКЕУ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат – Кеше Алжирде өткен президент сайлауында елдің қазіргі президенті Абделәзиз Бутефлик айқын басым дауыспен жеңіп шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Бюллетендерді санау қорытындысында ол 90,24% дауыс жинады. Бутефликке 13 миллионға тарта сайлаушы дауыс берді. Ал оның таяу қарсыластарының бірі ? Еңбекшілер партиясынынң басшысы Луиза Ханнун бар болғаны 4,22% дауысқа ие болды.