Бұдан бұрын Алжир азаматтық қорғаныс басқармасы әуе апатынан 181 адамның мерт болғанын хабарлаған еді.
Елдің оңтүстік-батысындағы Буфарик - Тиндуф - Бешар маршруты бойынша бағыт алған Алжир ҚК ұшағы ел астанасы - Алжирден оңтүстікке қарай 50 шақырым қашықтықта орналасқан Буфариктегі әскери база әуе айлағынан ұшқаннан кейін бірнеше минут өткен соң құлаған. Ұшақ ауылшаруашылық егістігіне құлағаннан кейін жанып кеткен.
Алжир ұлттық қорғаныс министрлігі көлік ұшағының құлағанын ресми растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: vk-smi.ru