Жергілікті шұғыл қызмет өкілдерінің мәлімдеуінше, от түн ортасында тұтаныпты. Бұл уақытта іште 600-ге жуық адам болған көрінеді. Қазір олар уақытша басқа орынға ауыстырылды. Марқұмдардың қай елдің азаматтары екені әзірге белгісіз. Өрт себебі анықталуда, деп хабарлады 24.kz.