Алжирлік әуе компаниясы жолаушылар ұшағымен байланысын жоғалтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Айр Алджириа» әуе компаниясының өкілдері өздеріне тиесілі жолаушылар лайнерінің бірімен байланысқа түсе алмай отыр.

Буркин-Фасо елінен Алжирге қарай бағыт алған жолаушылар ұшағының бірімен байланыс үзіліп қалған. «Айр Алджириа» әуе компаниясының өкілдері қазіргі сәтте лайнер экпипажымен еш байланыс орната алмай отыр, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.