деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі жергілікті басылымдарға сілтеме жасап.
Алжир Робин Гуды атанған 28 жастағы Жейджиль 50 адамнан тұратын және Әл-Буни қаласының төңірегіндегі орман-тоғайды паналайтын банда ұйымдастырған. Тонаушылар орман арқылы өтетін жолдарды торуылдап, өткен-кеткен машиналарға шабуыл жасайды. Ақшалар мен құнды заттарды тартып алған соң, ұрылар өздері тонаған адамдарға сапарларын жалғастыруға рұқсат етіп, өздері орманның ішіне кіріп жоқ болады екен.
Жейджильдің аты соңғы уақытта төңіректегі бақуатты жандардың үрейін ұшырып отыр. Есесіне, кедейлер, қариялар, жетімдер мен жесірлер оның тілеуін тілеп, оны батыр деп атап отыр. Жергілікті «Робин Гуд» тонаған ақшаның бәрін мұқтаждарға үлестіреді, балаларға ойыншықтар сатып алып береді, қаладағы ең кедей орамдардың біріндегі мешіттің құрылысына ақша береді.
Аты аңызға айналған ұрыны полицейлер көздері көріп тұрып, ұстай алмай отыр. Туған қаласына кедейлерге ақша үлестіруге келген ұрыны тәртіп сақшылары ұстамақ болған кезде, жергілікті тұрғындар өз батырларын құтқарып қалған. Әйелдер, балалар мен қариялар полицейлерге қарай тас, қоқыс лақтыра бастаған кезде, «Робин Гуд» өз серіктестерімен бірге қайырымдылық «рейдтерін» аяқтап, орманға жасырынған.