Аман Имандосов «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директоры болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Ural Group Limited компаниясының директорлар Кеңесінің шешімімен «Урал Ойл энд Газ» ЖШС Бас директоры болып Аман Ғалымжанұлы Имандосов тағайындалды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ хабарлады. 

Фото: ҚазМұнайГаз

Бұған дейін А.Имандосов «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Білімі – жоғары.

2001 жылы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша және 2013 жылы И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін «Мұнай-газ бизнесін басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ бастаған, одан кейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС әр түрлі қызметтер атқарған.