Аман Төлеев дзюдодан қара белдік иегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев дзюдодан қара белдік иегері атанды, деп хабарлады облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

Жапон тілінде Кузбасс губернаторының аты-жөні жазылған құрметті трофейді Кемерово облысында спорттың осы түрінен жаттығуларын өткізіп жатқан халықаралық Будо университеті (Жапония) командасының мамандары тапсырды.

Кузбасс астанасында тоғыз дзюдошы және Будо университетінің профессоры, дзюдо факультетінің кураторы Иши Кенсук қонақта жүр. Иши Кенсук - «Дзюдо сөздігі» және «Дзюдо неден басталады?» кітаптарының авторы.