Бұдан бұрын ТЖМ өңірлік басшысы үйінді астында машинистерімен екі экскаватор мен бір бульдозер қалғанын хабарлаған.
«9 желтоқсанда сағат 2-де орын алған апат салдарынан екі экскаватор мен бір бульдозер үйінді астында қалды. Үш кенші іздестіріліп жатыр. Облыстық іздеу-құтқару штабын губернатор Аман Төлеев басқарады», - делінген әкімшілік хабарламасында. Бұл шахта «Черниговец» компаниясына тиесілі - ол «СДС-Уголь» компаниясының құрамына кіреді, Кемеров облысының солтүстігінде кен орнын игерумен айналысады.