AMANAT әлеуметтік әділдікті орнықтыруға әрдайым баса мән береді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аmаnаt әлеуметтік әділдікті орнықтыруға әрдайым баса мән береді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жыл басынан бері бірнеше рет бас қосып отырмыз. Қазір еліміздегі өзгерістер ерекше қарқынмен жүріп жатыр. Қаңтар оқиғасынан кейін мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңарту үдерісі басталды. Аmаnаt осы жүйелі өзгерістерге белсене атсалысуда. Қолға алынған реформаларға партия жан-жақты қолдау көрсетуде. Сонымен бірге «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға үлес қосуда. Жалпы «Аmаnаt» әлеуметтік әділдікті орнықтыруға әрдайым баса мән береді», - деді ҚР Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттілікті нығайту және ел бірлігін бекемдеу ұйымның айрықша миссиясының бірі екендігін баса айтты.

«Өткен съезде партияға ребрендинг жасау қолға алынды. Сондай-ақ оны институционалдық тұрғыдан жаңарту жұмысы басталды. Партия бұл міндеттерді орындауға дереу кірісіп кетті. Нақты нәтиже бар. Өзгерістерді қазірдің өзінде көріп отырмыз. Осы қарқымен жұмысты одан ары жалғастыру керек», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар