деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Журнал редакторы Ролан Сейсенбаевтың айтуынша, ол бүгінде 7,5 мың данамен бүкіл әлемге таралады. Онда 60 елдің белгілі жазушылары, философтары мен ойшылдардың шығармалары басылады. «Журналдың биылғы мерейтойлық нөмірі әлем жазушыларының әңгімелеріне арналып отыр. Сондай-ақ оған Еуразия ұлттық университетінде білім алып жүрген жас жазушылардың шығармалары енді», - дейді Р.Сейсенбаев.
Айта кетейік, соңғы он жылдың ішінде «Аманат» журналының әлемге танымал басылым деңгейіне көтерілді. Журнал кеңесінің құрамына Олжас Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев, Валентин Распутин, Даниил Гранин, Кэндзабуро Оэ, Чен-Янь, Ричард Маккейн, Розмари Уилкинсон, Иурген Браншвейгер, Тимур Зульфикаров, Ада Ахарони, Пети Холоппа, Виктор Баранов және тағы басқа белгілі ақын-жазушылар кіреді. Бұл қазіргі көркем әдебиетінің маңыздылығын көрсетсе керек.