«Кейінгі кезде елімізде болып жатқан жаңалықтар, өзгерістер бүкіл халықты алаңдатып отыр. Соның ішінде «AMANAT» партиясының кешегі өткен съезі де елдің назарында болды. Әрине, өзгерістер көп болып жатыр. Саяси жағынан келсек, Жаңа Қазақстан деген ұғым да елдің назарында. Жаңа Қазақстан қандай болады? Оған қалай қол жеткіземіз? Бәріміздің көкейімізде осындай сауал тұр. Себебі, қазір қоғамда алшақтық көп. Жоғары биліктегі адамдар мен халық арасындағы байланыстың жоқтығы, әлеуметтік жағдайдың төмендеп кетуі қабырғамызға аяздай батып отыр», - дейді Бибігүл Бөлегенова.
Саясаттанушы «AMANAT» өкілдері сайлау кезінде ғана жанданып шыға келетін партиялардың қателігін қайталамауы керек деп отыр.
«Қазақстан көппартиялы жүйе құрған. Сол партиялар сайлау кезінде ғана белсенді болмай, әрдайым халықпен бірге дамып, бірге қадам басса, Жаңа Қазақстанды құра алатын едік. «AMANAT» партиясы осындай қателіктерден сабақ алады деп ойлаймын», - деді ғалым.