Нұрсұлтан Байтілесов 1991 жылы туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының магистрі.
2009 жылдан бастап Астана қаласы Алматы аудандық сотының жетекші маманы, бас маман-сот отырысының хатшысы, сот приставы, бас маманы, Атырау, Павлодар облыстық соттарының кеңсесі басшысының орынбасары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас консультанты болып қызмет атқарған.
2016-2018 жылдары Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің халықаралық байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.
2020 жылы Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов Жоғарғы Сот аппараты басшысының орынбасары қызметінде болды. Ол жас кадрлар резерві құрамында болған.