Онда азық-түлік, жылы киім, жеке тазалық құралдары, төсек-орын, тұрмыстық техника және құрылыс материалдары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
145 тонна жүк Қостанай облысына жөнелтілді. Гуманитарлық көмек тиелген көліктерді елордадағы және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы партия мүшелері жіберіп үлгерді. Алматы қаласынан жүк көліктері бүгін түнде жолға шығады.
Айта кетейік, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелерінен құралған волонтерлердің алғашқы топтары зардап шеккендерге көмек көрсету және қалпына келтіру жұмыстарына қатысу үшін Қостанай облысына аттанды.
Қазіргі уақытта волонтерлер партия филиалдары жанынан ашылған гуманитарлық көмек жинау пункттерінде жұмысын жалғастыруда.