«AMANAT» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшелер саны артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі бюросының құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Саяси кеңестің қаулысымен «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі бюросының жаңа мүшелері сайланды.

Бюроның құрамына енгендер:

Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы;

Асхат Раздықұлы Оралов – «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы;

Максим Николаевич Рожин – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті.

Осылайша, «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13-ке артты.