«Дамудың жаңа кезеңінде партияға жаңа тұғырнама қажет. Негізгі құндылықтарымыз өзгермеуге тиіс. Орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырамын. Партия ішінде мұқият талқылап, келесі съезде бекітеміз», - деді Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс съезінде.
Айта кетейік, онлайн форматта өтетін іс-шараға еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысты. Съезд күнтәртібіне сәйкес, партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, партияны модернизациялау мәселелері қаралды.12:09, 01 Наурыз 2022
«Аманат» партиясына жаңа тұғырнама қажет - Мемлекет басшысы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Аманат» партиясына жаңа тұғырнама қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.