«Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды», - деп жазды ұйымнан.
«AMANAT» партиясының бұған дейінгі XXIІІ съезінде Ерлан Қошанов партия төрағасы болып сайланған болатын.Айта кетейік, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді. Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталды. Аталған процесс 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады . Еске салайық, кандидаттың белгілі бір саяси партия атынан сайлауға түсуі үшін аталған партияның мүшесі болуы міндетті емес .
Фото: amanatpartiasy.kz