«Аманат» платформасының өкілдері Әміржан Қосанов штабына келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Аманат» азаматтық платформасы - тәуелсіз бақылаушылар бірлестігінің белсенділері Президенттікке үміткер Әміржан Қосановтың Қарағанды облыстық сайлауалды штабына келді. Бұл туралы кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау жұмысында тәжірибе алмасу мақсатында ұйым өкілдері штабтың жұмысымен танысты. Тараптар сайлауалды кезеңде жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.