AMANAT партиясы Қарағанды филиалының мәліметінше, сыртқы жарнаманы уақытынан бұрын ілу фактісі Қарағанды қаласы бойынша қызмет көрсетуші «Reklama city» және «БИРСК» ЖШС компаниялары тарапынан болған.
Аталған заңбұзушылық сағат 15:00-де анықталып, 30 минут ішінде материалдар алынып тасталды.
«Reklama city» және «БИРСК» ЖШС компанияларының бұл әрекеті - заң мен келісімшарт міндеттерін өрескел бұзу. Келісімшартта көрсетілгендей, үгіт-насихат материалдарының бәрі Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспар бойынша 2023 жылдың 18 ақпаны күні сағат 18:00-ден бастап ілінуі тиіс» деп мәлімдеді партия филиалы.
Партия өз кезегінде сот органдарына жүгініп, қызмет көрсетуші компаниялармен келісімшартты біржақты үзеді.
Сондай-ақ Ratel.kz басылымының жазуынша, Қарағандыда тағы бір өзін-өзі депутаттыққа ұсынған кандидаттың баннері де күнібұрын ілінген.
Бұл баннерлердің суретін редакцияға қала тұрғындары жолдаған.
Фото: .facebook.com/arailym.nazarova.