«4 қыркүйек күні полиция бөліміне 73 жастағы әйел 56 жастағы ұлын іздеуге көмек сұрап жүгінген. Ер адам 3 қыркүйекте Аманқарағайда эвакуациялау кезінде жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта ер адамның тұрғылықты жері бойынша іздестіру шаралары мен қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді полиция департаментінен.
Бұл факт қылмыс құрамының формальды белгілері – «Адамның жоғалуы» бойынша тіркелді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Барс» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері Аманқарағайдағы орман өртіне байланысты тұрғындарды эвакуациялау кезінде жоғалған ер адам туралы ақпарат таратқан.