«Келешек» жастар қанатының мүшелері сайлау науқанына қызу кіріскен. Бүгін белсенділер халыққа үгіт парақшалары мен ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы жазылған кітапшаларды таратты.
Белсенділер шымшаһардағы орталық саябақ, алаңдар мен аллеяларды аралап, темір жол вокзалы, сауда орталықтары сияқты халық көп шоғырланған орындарда азаматтарды сайлауалды материалдармен таныстырды. Алда келе жатқан президент сайлауының маңызына тоқталған қыз-жігіттер азаматтарды саяси додадан тыс қалмай, белсенді болуға шақырды. Үміткер Аманкелді Таспиховтың тұғырнамасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын белсене атқарды.