Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері, аймақтық қоғамдық штабтың жетекшісі Киікбай Жаулин және кәсіподақ ардагері Марат Дәулетов «CaspiBitum» ЖШС қызметкерлеріне кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Киікбай Жаулин мекеме қызметкерлеріне Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасындағы жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы бөлімге ерекше тоқталып, бағдарламадан үзінді оқып берді.
Сондай-ақ, сенімді өкіл үгіт-насихат жұмысын қалай жүргізу керектігін түсіндіріп, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сенім білдірілген тұлға сөзінің соңында барлық қызметкерлерді осы кандидатқа дауыс беруге шақырды.
Кездесуге барлығы 50-ден астам адам қатысты.