Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілі Таразда сайлаушылармен кездесті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілі Ерұлан Мағзымбеков сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім қызметкерлерінің Кәсіподақтар үйінде өткен жиында үміткердің сенімді өкілі сайлаушыларды А.Таспиховтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.

Ерұлан Мағзымбеков ұжымдық шарт арқылы жұмысшы қорғалатынын айтты. Алайда, көп жұмыс берушілер ұжымдық шарт жасап, өзіне міндеттеме алудан қашқақтайды. Бұл туралы ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың бағдарламасында айтылған.

Жиын соңында ақпараттық парақшалар таратылып, азаматтық белсенділік танытуға үндеген жалынды сөздер айтылды. Сенімді өкіл сайлаушылар қойған сұрақтарға жауаптар берді.