Үгіт-насихат шаралары облыс орталығы Түркістан қаласынан басталды. Киелі шаһардағы жергілікті халықты тіршілік нәрімен қамтып отырған «Түркістан-су» мемлекеттік кәсіпорнында сайлауалды кездесу өткізді. Жиынға 85 адам қатысты. Басқосуды ашып сөз сөйлеген штаб басшысы Берік Бекжанов елімізде өтетін сайлаудың маңыздылығына тоқталды.
Сайлау қарсаңында ұйымдастырылып отырған шарада «Түркістан-су» мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері Сейілбек Дайрабай штаб мүшелеріне алғысын айтып, кәсіподақ туралы оң пікірлер жеткізді.
Айта кетейік, ҚР Президентін сайлау 9 маусымда өтеді. Оған 7 кандидат тіркелген.