Amazon 20 жылда алғаш рет компания логотипін өзгертті
АСТАНА. KAZINFORM — Amazon 20 жылдағы алғашқы елеулі өзгеріс — қайта жасалған логотипін таныстырды, деп хабарлайды Dezeen.com.
Ребрендинг Koto International Studio және Amazon командасымен бірлесіп жүргізілгені атап өтілді. Оның мақсаты —корпоративтік стильдің визуалды көрінісін күшейту және оны электронды коммерция алыбының 50-ден астам қосалқы брендтеріне бейімдеу болды.
Клиентке бағдарлану символы болып табылатын таныс «күлімсіреу» орталық элемент ретінде таныс сақталған. Дегенмен, қазір негізгі визуалды екпін осы элементте — алдыңғы нұсқада стрелка назарда болатын. Koto Studio өкілдерінің айтуынша, бұл тәсіл Amazon-ның тұтынушыларға қуаныш сыйлауға және олардың күнделікті өмірін жеңілдетуге деген ұмтылысын көрсетеді.
Визуалды ребрендинг аясында жаңа корпоративтік шрифт — Amazon Logo Sans та енгізілді. Ол Amazon Smile, Amazon Cash, Amazon Echo және Amazon Jobs сияқты бағыттарды анықтау үшін қолданылады. Бұған қоса, бұрын Kindle брендімен байланыстырылған Ember шрифтіне де өзгерістер енгізілді.
Типографиялық жаңартулардан басқа, Amazon бүкіл бренд стилінде ашық және мәнерлі түстер мен бірыңғай иконографияны енгізді. Prime, Amazon Grocery, Alexa және Amazon One Medical қызметтеріне ерекше назар аударылған.
Компания қызметкерлерінің айтуынша, жаңа дизайн Amazon-ның өсуі мен болашақ мақсаттарын көрсетеді, сонымен бірге оның таныс түрін сақтайды. Бұл жаңарту компания жақын арада жоспарлаған жаңа қызметтер мен жақсартулар қарсаңында жүзеге асырылып жатыр.
Еске сала кетейік, Джефф Безос Amazon акцияларын шамамен 5 миллиард долларға сатуды жоспарлап отырғаны жайлы жазған едік.