Amazon-да Трамптың жазбалары бар дәретхана қағазы сатыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернет пайдаланушылары ірі Amazon сауда алаңына АҚШ Президенті Дональд Трамптың Туиттердегі жазбалары бар дәретхана қағазының орамасын сатуға қойғанына назар аударды .

Тауар сипаттамасында дәретхана қағазына басу үшін Трамптың 10 «ең көп тараған» жазбасы іріктелгені айтылады. Бұл жазбалар «кәріз құбырларын шаюға аса қолайлы» саналады, - делінген сипаттамада.

Тауар парақшасындағы ақпаратта ол бір ғана данада ұсынылғаны айтылады. Оның тағы да сатылымға шығатыны-шықпайтыны белгісіз.

Айта кетерлігі, Дональд Трамп - АҚШ-тың 45-ші президенті. 2016 жылы сайланған.