Amazon қызметкерлері санын қысқартады
АСТАНА. KAZINFORM — Amazon бас директоры Энди Джесси компанияның жұмыс процестеріне жасанды интеллект технологиясын енгізгендіктен, алдағы бірнеше жылда қызметкерлерін қысқартатынын мәлімдеді.
—Біз генеративті AI технологияларын енгізген сайын, ол жұмыс істеу тәсілін өзгертеді. Кейбір операциялар үшін белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін бізге азырақ адам қажет болады. Сонымен бірге, басқа жұмыс түрлері үшін бізге көбірек адам қажет болады. Қазір бұл жүйелердің қай жерде жүзеге асырылатынын айту қиын, бірақ алдағы бірнеше жылда бұл жалпы қызметкерлер санының қысқаруына әкеледі, - деді Amazon бас директоры қызметкерлерге жолдаған ішкі хатында.
Amazon-ның жасанды интеллектіні дамытуға салған инвестициясы шамамен 105 миллиард долларды құрайды. Қазіргі уақытта Amazon-да жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы саны бүкіл әлем бойынша 1,6 миллион адамға жетеді.
Еске сала кетейік, Microsoft 2000-ға жуық жұмыс орнын қысқартатыны жайлы жазған едік.