Бұл жайлы зерттеу нәтижелері Alzheimer’s & Dementia журналында жарияланды.
Бес жылға созылған зерттеуге кезеңінде егде жастағы қатысушылардың 2%-дан азына деменция диагнозы қойылған. Мысалы, Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында деменция бұдан үш-төрт есе көп тараған.
Зерттеуге цимане және мосетен қауымдарының деменциядан аман, егде жастағы 730 тұрғыны қатысты. Бес жыл ішінде соның 22-сіне ғана деменция диагнозы қойылған.
Зерттеу авторларының айтуынша, бұл қауымдардың өмір салты ерекше. Оларда артық салмақ, жоғары қан қысымы және қант диабеті сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларына әкеп соғатын факторлар аз кездеседі.
Дегенмен, ғалымдар зерттеу нәтижелері осы сипаттамалар мен деменция қаупінің аз болуы арасындағы тікелей себеп-салдар байланысын растамайтынын ескертеді. Зерттеуге қатысқандардың диагноз қойылғаннан кейінгі өмір сүру ұзақтығы АҚШ-тағы науқастармен салыстырғанда қарағанда екі-үш есе қысқа болды, ал өлім қаупі когнитивті бұзылыс анықталмаған жоқ адамдарға қарағанда алты есе жоғары болды.
Ғалымдар алдағы зерттеулерде тамақтану, физикалық және әлеуметтік белсенділік деңгейі, генетикалық факторлар және иммундық жүйенің қызметі деменция қаупінің төмен болуына қалай ықпал ететінін анықтауды жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, 21 қыркүйек жыл сайын Халықаралық Альцгеймер ауруы туралы ақпарат тарату күні ретінде атап өтіледі. БҰҰ мәліметтері бойынша, Альцгеймер ауруы және деменцияның басқа түрлері бүкіл өлімнің әлемде ең көп тараған себептерінің жетіншісі саналады.
Бұған дейін ғалымдар физикалық белсенділік пен деменция арасындағы байланысты анықтаған болатын.