Әмбебап жекпе-жектен Қазақстан құрамасы Азияны мойындатты
07:48, 02 Қыркүйек 2017
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Тәжікстанның Душанбе қаласында әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан құрама командасы 11 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Еліміздің спортшылары 7 алтын алса, оның үшеуін қызылордалықтар еншіледі.