«American Airlines» ұшағы апатты жағдайда Сан-Франциско әуежайына қонды

ЛОС-АНДЖЕЛЕС. ҚазАқпарат - «American Airlines» компаниясының Boeing-757 жолаушылар ұшағы Сан-Франциско (Калифорния штаты) халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонды, деп хабарлады «ТАСС».

NBC телеарнасы хабарлағандай, салонда қысым жоғалғандықтан ұшақ қонуға мәжбүр болған. Бортта болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінен зардап шеккен ешкім жоқ.

Ал, әуекомпания өкілдері жағдайға қатысты өз тұжырымын айтып отыр. Олардың мәлімдеуінше, қысымға қатысты мәселе болмаған, егер болған жадайда, жолаушылардың оттегі бетперделері автоматты түрде іске қосылатын еді. Ұшақ Сан-Францискодан Далласқа (Техас штаты) бара жатқан.