Ұшақ сәтті қонған. Ұшу-қону жолағында экипажды дәрігерлер күтіп тұрды. Ақ халаттылар жүрек-өкпе реанимациясын жасағанымен, ұшқыштың өміріне араша түсе алмады.
Елдің азаматтық авиацияның федералды басқармасы ұшақтың Далластан Альбукеркеге бағыт алғандығын айтады. Қонуға бірер шақырым қалғанда әуе кемесінің капитаны «медициналық мәселеге» байланысты ұшақта төтенше жағдай жариялаған.