«Америго» банкноты қолданысқа енгізілмейді ? АҚШ елшісі

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - АҚШ-тың доллары жоғалмайды. Сондықтан бүгінде кейбір азаматтардың «Америго» банкнотын енгізу жөніндегі ұсыныстары өміршең емес деп ойлаймын. Бұл туралы бүгінгі брифингте журналистердің сауалдарына жауап берген АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугланд айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Иә, шынымен де доллар жоғалмайды. Бұны мен ресми тұлға және АҚШ-тың азаматы ретінде ашық айта аламын. «Америго» банкнотын шығару туралы ұсыныстардың негізі бар шығар. Бірақ бұл бастаманы іске асыру үшін талай уақыт қажет», - деді Р.Хоугланд. Сондай-ақ бүгінгі мұнай бағасының жоғарылуына жағымды болжам берген елші бұл үрдістің аталған шикізатты өндіруші елдер үшін тиімді екендігін атап өтті. «Мұнай баррелі 80 долларға көтерілсе, бүгінгі дағдарыс жағдайына қарамастан осы шикізатты өндіруші елдердің экономикалары көтеріледі», - дейді Р.Хоугланд.