Black Hornet атты шағын дронды Норвегия мен Ұлыбританияның армиясы қолданып жүр.
Американың әскерилері шағын дрондарды шығаруға кететін шығынды азайтпақ. Өйткені Black Hornet қолмен жиналатындықтан, оның бағасы қымбат - 18 грамм аппараттың біреуінің құны 190 мың доллар тұрады.
Жаңадан әзірленетін ұшу аппараттарына белгілі талаптар қойылады: салмағы 150 граммнан аспауы тиіс, автономды ұшу уақыты - 15 минут, қашықтығы - 1,2 мың метрге дейін болуы керек, деп жазады Army Times.
Сонымен қатар, шағын дрондар қанықтылығы мен дәлдігі жоғары видеокамералармен жабдықталуы тиіс.