Америка билігі Джастин Биберді елден қудалауда

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті әкімшілігінің сайтында канадалық әнші Джастина Биберді елден шығарып жіберуді талап еткен ұжымдық хат жарияланды, деп хабарлайды Лента.ру.

Петиция авторларының пікірінше, поп-әнші америкалықтардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп қана қоймай, жастардың теріс жолға түсуіне әсер етеді. Санаулы сағаттың ішінде бұл өтінішке қол қойғандар адамдардың саны 10 мыңнан асты. Егер 22 ақпанға дейін хатқа 100 мың қол жиналса, ел билігінің әрекет етуіне тура келеді. Халықтың бұл талабына Бибердің Майами-Бичте есірткі және ішімдік ішіп көлік айдауы себеп болды.