«Америка дауысы» радиостанциясы жұмысын тоқтатуы керек — Трамп
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп «Америка дауысы» радиостанциясы жұмысын тоқтатуы керек деп санайды, деп хабарлайды ТАСС.
— Республикашылдар неліктен демократтардың пікірін елге таратушы «Америка дауысы» әрі қарай қызмет еткенін қалайды? Бұл солшылдар үшін үлкен апат, — деп жазды ол Truth Social-да.
Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ-тың Ғаламдық медиалар агенттігі (USAGM), «Америка дауысы» (Voice of America) радиосын басқаратын мекеме, тағы 639 қызметкерге жұмыстан босату туралы хабарлама жібергенін мәлімдеді. Бұл — 1942 жылы құрылған ақпарат қызметін жою бағдарламасының іс жүзінде аяқталғанын білдіреді.
Наурыз айында Трамп әкімшілігі қызметкерлерінің барлығы дерлік ақылы демалысқа жіберілген «Америка дауысы» мен «Азат Еуропа және Азия радиосын» қаржыландыруды ауқымды түрде қысқартты. Мамыр айында Трамп әкімшілігі «Америка дауысының» 600-ге жуық қызметкерін жұмыстан шығарды.