Америка Евгений Евтушенкомен қоштасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкада Талса қаласының (Оклахома штаты) тұрғындары Евгений Евтушенкомен қоштасты. Шара қалалық университеттің мәдени орталығында өтті.

 Сол жерде ақын өмірінің соңғы 25 жылында жұмыс істеген еді, деп хабарлады «Россия 24» телеарнасы.

Ақынмен қоштасуға 600-ге жуық адам келді. Оның ішінде Хьюстондағы Ресейдің бас консулы және Талса университетінің проректоры бар.

Евгений Евтушенко 1 сәуір күні 85 жасында қайтыс болды. Ақынды10 сәуірде Мәскеудің Переделкин кентінде соңғы сапарға шығарып салады.