Америка киноакадемиясының президенті Шерил Бун Айзекс осындай мәлімдеме жасады.
«Бұл күрделі әрі маңызды мәселе. Бәрін өзгертетін уақыт келді. Академия өз мүшелерінің құрамын өзгерту үшін түбегейлі қадам жасайтын болады», - деп хабарлады Айзекс.
«Оскар» сыйлығының иегерлері 28 ақпанда белгілі болады. 88-ші салтанатты рәсім «Долби» театрында өтеді. Оны әлемнің 225 еліне ABC телекомпаниясы тікелей эфирде көрсетеді.