Америка Құрама Штаттары Тәуелсіздік күнін атап өтуде
13:17, 04 Шілде 2009
ВАШИНГТОН. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарында бүгін Тәуелсіздік күнін атап өтуге байланысты мерекелік іс-шаралар өтуде, ол осымен 233-ші рет тойлануда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Жаһандық қаржы дағдарысының салдарларына қарамастан бүкіл ел бойынша көптеген шерулер өтуде, кешке отшашулар ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, Нью-Йоркте шілденің 4-і үшін дәстүрлі хот-догты жылдам жеуден конкурс өтеді.