Оның рулінде Голливуд фильмінің кейіпкері Бэтменнің костюмін киген Ленни Робинсон атты жергілікті азамат болған, деп хабарлайды Huffington Post.
Ақпарат көзінің мәліметінше, құқық қорғау қызметкерлері «супербатырдың» көлігінде мемлекеттік нөмір болмағандықтан оны ұстауға мәжбүр болған.
Анықталғанындай, Робинсон осы киімді үнемі киіп алып, аймақтың ауруханаларында емделіп жатқан балалардың көңілін көтеруге жиі барып тұрады екен.
Монтгомери полиция бөлімшесінде мәлім болғандай, олар Бэтменға көлікті нөмірсіз жүргізгені үшін ескерту жасап, сапарын одан әрі жалғастыру үшін босатқан.