Бас жүлде «Жасыл кітап» фильміне берілді.
Режиссер Питер Фаррелидің кинокартинасы джаз пианисі, Құрама Штаттардың оңтүстігін түгел аралап шыққан дарынды музыкант туралы сыр шертеді.
PGA бас жүлдесіне: Брайан Сингердің «Бегомалық рапсодия», Брэдли Купердің «Жұлдыз туғанда», Альфонсо Куаронның «Рома», Райан Кглердің «Қара пантера», Джон М. Чудың «Шіріген бай азиялықтар», Джон Красинскидің «Тым-тырыста», Адам Маккейдің «Билік», Йоргас Лантимостың «Фаворит қыз», Спайк Лидің «Қара клан мүшесі» фильмдері үміткер болды.
Гильдияның тұжырымы бойынша үздік анимациялық фильм аталымы - «Өрмекші адам: ғаламдар тоғысқанда» фильміне, драмалық телехикая аталымы - «Америкалықтар» телехикаясына, комедиялық телехикая аталымы - «Ғажайып миссис Мейзел» картинасына берілді. Ал «Маған көрші боламысың?» үздік деректі фильм атанды.