Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, Ориндж округіндегі Санта-Ана қаласының ерлер түрмесінен қашқандар аса ауыр қылмыстары үшін және кісі өлімі, азаптау бойынша айыпталып, сотталуы тиіс болған.
Қашқындар камераларының жуан темір қоршауын арамен кесіп тастап сыртқа шығып, байланыс туннеліне өткен. Бұдан соң бес қабатты ғимараттың үстінен киімдері мен орамал тілігінен жасалған арқанмен жерге түскен.
Жергілікті полиция өкілінің мәлімдеуінше, округ түрмелерінде тұтқындардың қашып кетуі тек 20 жыл бұрын тіркеліпті.